Экранға қол жеткізу бағдарламалары

Экранға қол жеткізу бағдарламалары көру қабілетінің ерекшеліктері бар пайдаланушыларға веб-контентті қарауға және Браузер интерфейсін қолдануға мүмкіндік береді. Олар экрандағы барлық нәрсені дауыстайды, ал пайдаланушы үдерісті қимылдар мен жылдам пернелер тіркесімдерімен басқарады. F6 жылдам пернесі Ақылды жолдың барлық функцияларын пайдалануға және қалқымалы терезелер арасында ауысып отыруға мүмкіндік береді.

Компьютердегі Браузерге экранға қол жеткізуге арналған келесі бағдарламаларды қолдану кірістірілген:

Операциялық жүйе

Бағдарлама

MS Windows

NVDA

JAWS (ақылы лицензия)*

Narrator (кірістірілген)*

Бағдарламаны қалай іске қосуға болады

+ Ctrl + Enter пернелер тіркесімін басыңыз.

macOS

VoiceOver (кірістірілген)

Бағдарламаны қалай іске қосуға болады
  • + F5 пернелер тіркесімін басыңыз.
  • Жүйе баптаулары → Әмбебап рұқсат → Көру қабілеті → VoiceOver батырмасын басыңыз.

Linux

Orca (кірістірілген)

Бағдарламаны қалай іске қосуға болады
  • Orca пәрмендік жолы арқылы.
  • Баптаулар → Арнайы мүмкіндіктер батырмасын басыңыз.
  • Super (сол жақтағы Alt жанында орналасқан, көбінесе Windows логотипі бейнеленген) + Alt + S пернесін басыңыз.

* Біз Браузердің экранға қол жеткізуге арналған барлық бағдарламаларға толық сәйкес келетіндігіне кепілдік бере алмаймыз. Егер JAWS пен Narrator бағдарламалары Браузермен істемей тұрса, бізге жазыңыз.

Мобильді Яндекс Браузер TalkBack (Android құрылғылары үшін) және VoiceOver (iOS құрылғылары үшін) экранға қол жеткізу бағдарламаларын қолдана алады.

Қолдау қызметіне жазу