Орналасқан жер туралы ақпарат көмегімен сайттар сізге қатысты ақпаратты көрсетеді: ауа райы, жол кептелісі, қала картасы, жақын орналасқан мекемелер. Орналасқан жері жақын жердегі сымсыз байланыс нүктелері мен құрылғының IP-мекенжайы арқылы анықталады. Орналасқан жері туралы деректер иесіздендірілген: тек географиялық координаттар беріледі. Олар сізді анықтауға мүмкіндік бермейді.
Орналасқан жерді анықтауға рұқсат беру немесе тыйым салу
Сайт сіз қай жерде екеніңізді сұрағанда, парақшаның жоғарғы жағында ескерту пайда болады.
Батырманы басу:
Рұқсат ету — сайт немесе оның құрамдасы (мысалы, карта) қайда орналасқаныңызды білу үшін. Ақылды жолда белгішесі пайда болады.
Бұғаттау — сайттың қайда екеніңізді білмеуі үшін. Ақылды жолда белгішесі пайда болады.
Шешімді өзгерту үшін немесе батырмасын басыңыз.
Орналасқан жерді анықтауға болатын сайттарды қарап шығу
→ Баптаулар → Сайттар тармағын басыңыз.
Парақшаны төмен жылжытып, Сайттардың кеңейтілген баптаулары батырмасын басыңыз.
Орналасқан жеріне қол жеткізу бөлімінде Сайттардың баптаулары сілтемесін басыңыз.
Рұқсат берілді қойындысында орналасқан жерді бақылауға рұқсат етілген сайттар тізімі көрсетіледі. Тізімдегі сайтты жою үшін тінтуір көрсеткішін апарып, Жою сілтемесін басыңыз. Осыдан кейін сайт орналасқан жеріңізді анықтай алмайды.
Әдепкі бойынша Инкогнито режимінде егер сіз бұрын қолмен қаланы көрсеткен болсаңыз да, орналасқан жер автоматты түрде анықталады. Бұл Инкогнито режимінде cookie файлдары сақталмағандығымен және қолмен жасалған қаланы таңдау оларда сақталатындығымен түсіндіріледі.
Орналасуы қате анықталады
Браузер орынды қате анықтайды
Баптауларды өзгертетін кеңейтімді өшіріңіз
Сізде прокси баптауларын өзгертетін кеңейтімдер орнатылған болуы мүмкін. Оны өшіріп көріңіз:
Басыңыз → Кеңейтімдер және бүкіл кеңейтімдерді сөндіріп тастаңыз.
Браузерді қайтадан іске қосыңыз: оны Ctrl + Shift + Q (Windows және Linux жүйелерінде) немесе ⌘ + Q (macOS жүйесінде) пернелер үйлесімінің көмегімен жауып, кейін қайтадан ашыңыз.
Браузерге бұрынырақ қосылған беттің сақталған көшірмесі жүктелмеу үшін кешті тазартыңыз.
Егер қиындық жоғалса, іріктеу әдісі арқылы оны туғызатын кеңейтімді табыңыз. Әр қосқан сайын Браузерді қайта іске қосыңыз.
Бұл кеңейтімді сөндіріңіз. Сіз сондай-ақ оның әзірлеушілеріне қиындықтуралы жаза аласыз.
Орналасқан орынды қолмен баптаңыз
Мүмкін сіздің IP мекенжайыңыз бірнеше аймақты қамтитын желіге тиесілі шығар. Орналасқан жеріңізді қолмен баптаңыз:
Пайда болған сыбырсөздер тізімінен қалаңызды немесе елді мекенді таңдаңыз.
Сақтау баптырмасын басыңыз.
Ескерту
Орналасқан жерді қолмен баптау cookie файлдарында сақталады. Егер қолмен таңдалған қала басқасына ауысса, демек Браузер cookies файлдарын жояды. Cookies файлдарын сақтау Браузер баптауларында рұқсат етілгендігіне көз жеткізіңіз.
Егер мәселе шешілмесе, бұл туралы форма арқылы қолдау қызметіне хабарлаңыз:
Сіз дұрыс көрсетілмеген қаланы көрген бетке сілтеме жіберіңіз.
Мені табу батырмасын басқаннан кейін Баптауларда анықталатын, сондай-ақ сіздің нақты орныңызды анықтайтын қаланы көрсетіңіз.