---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.6
alternate:
  - https://browser.yandex.com/help/en/personal-data-protection/ytp.md
  - https://browser.yandex.com/help/kk/personal-data-protection/ytp.md
  - https://browser.yandex.com/help/ru/personal-data-protection/ytp.md
  - https://browser.yandex.com/help/tr/personal-data-protection/ytp.md
  - https://browser.yandex.com/help/uz/personal-data-protection/ytp.md
keywords:
  - Яндекс браузерінде үшінші тарап cookie файлдарын бұғаттау жолы.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://browser.yandex.com/help/kk/llms.txt




# Трекерлер

## Трекерлер дегеніміз не {#third-party-cookies}

Cookie файлдары меншікті және бөгде (трекерлер) бола алады.

_Меншікті cookie_ — бұл браузер сіз кірген сайттардың деректерін жазып отыратын шағын мәтіндік файлдар. Cookie файлдары сайттарға өздеріне кірушілерді «есте сақтауға», мысалы, әр кірген сайын логин мен құпиясөзді сұрай бермеуге мүмкіндік береді.

_Трекерлер_ (бөгде cookies немесе third-party cookies) — бұл сайттың бағдарламалық кодының шағын фрагменттері. Сіз сайтты ашқан кезде трекер автоматты түрде жүктеледі, ақпарат жинақтайды (мысалы, орналасқан орныңыз, құрылғының түрі немесе оның IP-мекенжайы) және оның иесіне жібереді. Трекерді сайт әкімшісі де, оның серіктестері де орналастыра алады. Мысалы, сіз қарап отырған сайтта `http://www.example.org` сайтының жарнамалық баннері бар. Бұл баннер браузерде өз cookie файлын қалдырады, ол сіздің веб-сайтыңыздағы белсенділік туралы мәліметтерді сақтайды. Егер сіз `http://www.example.org` жарнамалық баннері бар басқа сайтқа кірсеңіз, жарнама желісі осы әрекеттерді өзара байланыстырады.

#### Трекерлердің қандай пайдасы бар
 
:  - Трекерлердің көмегімен сайт иесі оған қанша оқырман кіретінін, қай аймақтардан, қай құрылғылардан келетінін бағалайды. Бұл деректер оған сайтты аудиторияның қажеттіліктері үшін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
   - Трекерлер бірнеше сайтта ортақ логинді пайдалануға мүмкіндік береді.

   Өзіңіз кірген сайттардың трекерлері (мысалы, әлеуметтік желілер) адал ниетпен пайдаланылуы мүмкін.

#### Қасақана пайдалану мысалдары
 
:   Трекерлерді қасақана пайдаланатын иелері сайтқа енгізілген жеке деректерді, мысалы, телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайын бөгде компанияларға бере және қайта сата алады. Нәтижесінде сіз қалаусыз жарнамалық хаттарды немесе телефоныңызды қалдырмаған жарнама берушілерден мазаңызды алатын қоңыраулар алуыңыз мүмкін.

Біз трекерлердің деректерді қасақана мақсатта пайдалануын сіздің құпиялылығыңызды бұзу деп санаймыз. Оны қорғау үшін біз [Яндекс Браузер](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) құрамына кіретін [Protect белсенді қорғау жүйесі](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) YTP арнайы технологиясын жасақтадық.


## YTP дегеніміз не {#whatis-ytp}

Your Tracking Protection (YTP) технологиясы трекерлердің жұмысын шектеп отырады және сізге қай ресурстарға деректеріңізді тапсыруға болатындығын таңдауға мүмкіндік береді.

YTP қарапайым ережеге негізделген: трекерлерді іске қосуға тек сіз кірген сайттарға рұқсат етіледі. Тек солар ғана сіздің деректеріңізді өзара табыстап, сізге өзекті жарнамалық хабарландыруларды көрсете алады. Егер сіз сайтқа 45 күн бойы кірмеген болсаңыз, Браузер оның трекерлерін бұғаттай бастайды.

Жарнаманың арқасында сайттардың иелері табыс алады, ал сізге парақшаларды қараған үшін төлеудің қажеті жоқ. Яндекс сервистердің тегін болуы және жарамды жарнаманың арасында тепе-теңдік болғанын қалайды.

Осылайша, интернет сіз үшін ыңғайлы болады (мысалы, сіз бірнеше сайт үшін ортақ логин пайдалана аласыз), ал сайттар жарамсыз жарнамамен келушілердің мазасын алмайтын болады.

Трекерлері бұғатталған парақшалар барынша тезірек жүктеледі.

Сонымен қатар, YTP технологиясы парақшада қандай трекерлердің істеп тұрғандығын қарауға және сіз сенбейтін трекерлерді бұғаттауға мүмкіндік береді.


## Барлық сайттар үшін трекерлерді бұғаттау {#blocking-by-settings}

1. **<svg xmlns="http://www.w3.org/2000/svg" width="22" height="22" viewBox="0 0 22 22" fill="none"><title>Настройки Яндекс Браузера</title><path d="M4 16.4091C4 16.0827 4.26117 15.8182 4.58333 15.8182H17.4167C17.7388 15.8182 18 16.0827 18 16.4091C18 16.7354 17.7388 17 17.4167 17H4.58333C4.26117 17 4 16.7354 4 16.4091Z" fill="currentColor"/><path d="M4 10.5C4 10.1736 4.26117 9.90909 4.58333 9.90909H17.4167C17.7388 9.90909 18 10.1736 18 10.5C18 10.8263 17.7388 11.0909 17.4167 11.0909H4.58333C4.26117 11.0909 4 10.8263 4 10.5Z" fill="currentColor"/><path d="M4 4.59091C4 4.26456 4.26117 4 4.58333 4H17.4167C17.7388 4 18 4.26456 18 4.59091C18 4.91726 17.7388 5.18182 17.4167 5.18182H4.58333C4.26117 5.18182 4 4.91726 4 4.59091Z" fill="currentColor"/></svg>**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Сайттар** батырмасын басыңыз.


1. Парақшаны төмен жылжытыңыз және **Сайттардың кеңейтілген баптаулары** батырмасын басыңыз.

1. **Сookie-файлдар** бөлімінде бұғаттау нұсқасын таңдаңыз:

    - **Бөгде cookie файлдарын шектеу**&nbsp;— оларды пайдалануға тек сіз кірген сайттарға ғана рұқсат беру үшін.

    - **Бөгде cookie файлдарын бұғаттау**&nbsp;— оларды барлық сайттар үшін бұғаттау үшін.



## Сайттағы трекерлерді бұғаттау {#blocking}

![](../_image/shield-trackers.png){.border-yes}

1. [Ақылды жолдың](*smart-link) сол жағындағы [қосылым мәртебесі](https://browser.yandex.com/help/kk/security/protect-panel.md#icons) белгішесін басыңыз. Protect тақтасы ашылады.

1. **Жарнаманы және трекерлерді бұғаттау** бөлімінде **Реттеу...** түймесін басыңыз. Экранның оң жағында **Құпиялылық** терезесі ашылады.

1. **Осы веб-беттегі трекерлер** бөлімінде қажетті трекерді тауып, оның оң жағындағы ![](../_image/trackers-more-details-icon.png) белгішесін басыңыз және төмендегіні таңдаңыз:

    - Трекерді сіз блоктаудан бас тартқанша бұғаттау үшін **Бұғаттау**.
    
    - Трекерді бұғаттан шығару үшін **Бұғаттан шығару**.



## Егер сайт трекерлерсіз істемей тұрса {#unblocking}

Кейбір сайттар бөгде cookie файлдарынсыз қалыпты түрде жұмыс істей алмайды (сайттың бір бөлігі істемейді, мысалы, билетті сатып алу кезінде орын таңдай алмайсыз). Егер сайт сынып қалса, трекерлерді бұғаттауды өшіріп көріңіз:

1. [Ақылды жолда](*smart-link) [қосылым мәртебесі](https://browser.yandex.com/help/kk/security/protect-panel.md#icons) белгішесін басыңыз. Protect тақтасы ашылады.

1. **Жарнаманы және трекерлерді бұғаттау** бөлімінде **Реттеу...** түймесін басыңыз. Экранның оң жағында **Құпиялылық** терезесі ашылады.

1. **Осы веб-парақшадағы трекерлер** бөліміндегі **Сайт жұмыс істемей ме?** батырмасын басыңыз.

1. Ашылған терезеде **Бөгде сookie файлдарына рұқсат беру** батырмасын басыңыз.

1. Парақшаны қайтадан жүктеу үшін ашылған хабарламадағы **Жаңарту** батырмасын басыңыз.

Трекерлерден қорғауды қайтару үшін:

1. [Ақылды жолда](*smart-link) [қосылым мәртебесі](https://browser.yandex.com/help/kk/security/protect-panel.md#icons) белгішесін басыңыз. Protect тақтасы ашылады.

1. **Жарнаманы және трекерлерді бұғаттау** бөлімінде **Реттеу...** түймесін басыңыз. Экранның оң жағында **Құпиялылық** терезесі ашылады.

1. **Осы веб-парақшадағы трекерлер** бөліміндегі **Қорғауды қосу** батырмасын басыңыз.

1. Парақшаны қайтадан жүктеу үшін ашылған хабарламадағы **Жаңарту** батырмасын басыңыз.

#### Толығырақ біліңіз

- [Яндекс блогіндегі «Яндекс Браузер үшінші тарап cookie файлдарының жұмысын шектейді» мақаласы](https://webmaster.yandex.ru/blog/yandeks-brauzer-ogranichit-rabotu-storonnikh-cookies)


<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->





[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.