---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.54.4
alternate:
  - https://browser.yandex.com/help/en/personalization/transfer.md
  - https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/transfer.md
  - https://browser.yandex.com/help/ru/personalization/transfer.md
  - https://browser.yandex.com/help/tr/personalization/transfer.md
  - https://browser.yandex.com/help/uz/personalization/transfer.md
  - href: kk/personalization/transfer.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://browser.yandex.com/help/kk/llms.txt




# Деректер тасымалы

ОЖ-ны қайта орнатқан кезде деректерді жоғалтпаудың немесе оларды басқа компьютерге [Яндекс Браузер](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) көшірудің басқа әдістері бар.

## Браузер деректерін басқару арқылы {#sync}

{% note alert %}

Егер сіздің Браузеріңізде бірнеше профиль қолданылса, деректерді көшірудің алдында өз профиліңізде отырғаныңызға [көз жеткізіңіз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md). Әйтпесе, деректерді көшіру кезінде белсенді профиль иесімен деректерді (оның ішінде құпиясөздерді) бөлісе аласыз.

{% endnote %}


Деректерді аккаунтта сақтау барлық құрылғыларыңыздан деректерге қол жеткізуге және ОЖ-ны қайта орнату кезінде деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Көшіру барысында деректер Яндекс серверіне қорғалған арна арқылы жіберіледі, құпиясөздер [шифрланған түрде](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#passwords-crypt) сақталады. Сервердегі деректер авторлану жүйесімен қорғалған.

Көшіруге болатын деректер:

- [Тақта](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/tableau.md);

- [бетбелгілер](https://browser.yandex.com/help/kk/favourites/izbrannoe-search.md);

- [құпиясөздер](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords.md) мен карталар;

- [автотолтыру деректері](https://browser.yandex.com/help/kk/personal-data-protection/autofill.md);

- [тарих](https://browser.yandex.com/help/kk/search-and-browse/history.md);

- **Басқа құрылғылар** бөліміндегі қойындылар;

- [терезе қойындылары мен қойындылар топтары](https://browser.yandex.com/help/kk/search-and-browse/groupoftabs.md);

- [кеңейтімдер](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/extension.md);

- баптаулар.


{% list tabs %}

- ОЖ қайта орнату


  1. [Яндекс ID-мен кіріңіз](https://id.yandex.kz/) және [деректерді сақтауды](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on) қосыңыз.

  1. Сақтағыңыз келетін деректерді таңдаңыз:

      1. ![Профиль портреті](../_image/profile-icon.svg) (профиль портреті) → **Браузердегі менің профилім** → **Деректерді басқару** батырмасын басыңыз.

      1. Опцияларды сізге қажетті деректер сақталатындай етіп қосыңыз.

  1. Деректердің серверге көшірілуін күтіңіз (интернет жылдамдығы мен деректер санына байланысты жүктеу 20 минутты алуы мүмкін).
  
  1. Деректерді серверге жүктегеннен кейін жүйені қайта орнату кезінде болуы мүмкін ақаулардың алдын алу үшін [деректерді сақтауды өшіріңіз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#off).
  
  1. ОЖ-ны қайта орнатыңыз және Браузерді [орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md).
  
  1. [Деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on) және дәл сол Яндекс ID-ді қолданатыныңызға көз жеткізіңіз. Деректеріңіз Браузерге қосылады.


  {% note info %}

  Тақтаны бөлек [қалпына келтіру](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/tableau.md#synch-tableau) қажет. Қойындылар да бұрынғы түрінде қалпына келтірілмейді, бірақ [Басқа құрылғылар](https://browser.yandex.com/help/kk/navigation/about.md#look) қойындысында **қолжетімді** болады.

  {% endnote %}



- Жаңа құрылғы


  1. Ескі құрылғыда [Яндекс ID-мен кіріңіз](https://id.yandex.kz/) және [деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on).

  1. Сақтағыңыз келетін деректерді таңдаңыз:

      1. ![Профиль портреті](../_image/profile-icon.svg) (профиль портреті) → **Браузердегі менің профилім** → **Деректерді басқару** батырмасын басыңыз.

      1. Опцияларды сізге қажетті деректер синхрондалатындай етіп қосыңыз.

  1. Деректердің серверге көшірілуін күтіңіз (интернет жылдамдығы мен деректер санына байланысты жүктеу 20 минутты алуы мүмкін).

  1. Жаңа құрылғыда Браузерді [орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md).

  1. [Деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on) және дәл сол Яндекс ID-ді қолданатыныңызға көз жеткізіңіз. Деректеріңіз Браузерге қосылады.


  {% note info %}

  Тақтаны бөлек [қалпына келтіру](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/tableau.md#synch-tableau) қажет. Қойындылар да бұрынғы түрінде қалпына келтірілмейді, бірақ [Басқа құрылғылар](https://browser.yandex.com/help/kk/navigation/about.md#look) қойындысында **қолжетімді** болады.

  {% endnote %}



- Яндекстегі басқа аккаунт



  {% note tip %}

  Егер сіз бір уақытта екі Яндекс ID-мен қатар жұмыс істесеңіз, екінші аккаунт үшін [бөлек профиль](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md#q1) құрған жөн.

  {% endnote %}


  Сақталған деректерді бір Яндекс ID-ден екіншісіне ауыстыру үшін:

  1. Деректерді бергіңіз келетін аккаунтқа [Яндекс ID-мен кіріңіз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md) және [деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on).

  1. Серверден Браузердегі профиліңізге деректердің жүктелуін күтіңіз (интернет жылдамдығы мен деректер санына байланысты жүктеу 20 минутқа созылуы мүмкін).

  1. Яндекс ID-мен [деректерді сақтауды өшіріңіз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#off).

  1. Деректерді көшіру қажет аккаунтқа [Яндекс ID-мен кіріңіз](https://id.yandex.kz/) және [деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on).

  1. Деректердің серверге көшірілуін күтіңіз (интернет жылдамдығы мен деректер санына байланысты жүктеу 20 минутты алуы мүмкін).


  {% cut "Бұрынғы Яндекс ID-дегі деректерді жою" %}


  1. Егер сізде деректерді сақтау қосулы болса, оны [өшіріңіз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#off).

  2. Деректерді өшіргіңіз келетін аккаунтқа [Яндекс ID-мен кіріңіз](https://id.yandex.kz/) және [деректерді сақтауды қосыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#on).

  3. Сақталған деректерді [жойыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/device/sync.md#delete).


  {% endcut %}

{% endlist %}


## Жеке профиль арқылы {#profile}


{% note alert %}

Мұндай әдіспен құпиясөздер, кеңейтімдер мен баптауларды тасымалдауға болады. Сондықтан [деректерді басқару](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/transfer.md#sync) арқылы көшірген жөн.

{% endnote %}


[Жеке профиль](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md) баптаулар мен деректердің жеке жинағын компьютеріңізде сақтайды. Профиль Браузерді орнату кезінде автоматты түрде құрылады. Профильді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға көшіруге болады.

Профильде қандай деректер сақталады:

- [құпиясөздер](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords.md);

- [бетбелгілер](https://browser.yandex.com/help/kk/favourites/izbrannoe-search.md);

- [тарих](https://browser.yandex.com/help/kk/search-and-browse/history.md);

- [қойынды топтары](https://browser.yandex.com/help/kk/search-and-browse/groupoftabs.md);

- ашық [қойындылар](https://browser.yandex.com/help/kk/navigation/about.md);

- [автотолтыру деректері](https://browser.yandex.com/help/kk/personal-data-protection/autofill.md);

- орнатылған [кеңейтімдерді](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/extension.md);

- [таңдалған фонды](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/theme.md);

- кейбір баптаулар, мысалы сайттарға арналған кеңейтімдер немесе Браузер тілі.


{% note info %}

Құпиясөздерді бөлек [файл арқылы](#password) тасымалдаған жөн, бұл сенімді әдіс. Егер сіз құпиясөздерді профиль арқылы тасымалдағаңыз келсе, міндетті түрде [мастер-құпиясөзді жасаңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#create). әйтпесе, Браузер тасымалдағаннан кейін құпиясөздердің шифрын шеше алмайды.

{% endnote %}



{% list tabs %}

- Windows 7, 8, 10, 11


  Браузер профильдері `User Data` қалтасында сақталады. Олардың бәрін көшіріп, содан соң қажет емесін баптаулардан жойып тастаған жөн:

  1. Браузерді жабыңыз: **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Қосымша** → **Браузерді жабу** батырмасын немесе **Ctrl** + **Shift** + **Q** пернелерін басыңыз.

  1. Бағыттауышта `С:\Пайдаланушылар\Есептік жазбаңыздың аты\AppData\Local\Yandex\YandexBrowser\User Data` қалтасын ашыңыз және оны флешка сияқты жинақтауышқа көшіріңіз. `AppData` қалтасы жасырын болып табылады. Оны көру үшін жасырын қалталарды көрсетуді қосыңыз.

  1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md#browser-install).

  1. Бағыттауышта `С:\Пайдаланушылар\Есептік жазбаңыздың аты\AppData\Local\Yandex\YandexBrowser` қалтасын ашыңыз және оған флэшкадағы `User Data` қалтасын кірістіріңіз.

  1. Браузерді іске қосыңыз. Егер бірнешеуін тасымалдаған болса, қажетті профильді таңдаңыз.
  
  1. Деректер мен баптаулардың Браузерге қосылғанын тексеріңіз. Қажетсіз профильдерді [жойыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md#delete).


- Linux



  {% cut "Яндекс Браузердің негізгі нұсқасынан" %}


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Қосымша** → **Браузерді жабу** батырмаларына немесе **Ctrl** + **Shift** + **Q** пернелеріне басу арқылы Браузерді жабыңыз.    

  1. Файл менеджерін түбірлік қалтаға қолжетімділікпен ашыңыз (мысалы, Midnight Commander).
  1. `~/.config` қалтасына өтіңіз.

  1. Сыртқы жинақтауыш, мысалы флешкаға `yandex-browser` қалтасын көшіріңіз. Онда Браузердің барлық профильдері орналасқан.
  1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md#browser-install).
  1. Файлдық менеджерде `~/.config/yandex-browser/` қалтасын ашыңыз және оған сыртқы жинақтауыштың құрамын көшіріңіз.    

  1. Браузерді іске қосыңыз. Егер сіз бірнеше профильді тасымалдаған болсаңыз, қажеттіні таңдаңыз.

  1. Деректер мен баптаулардың Браузер қосылғанын тексеріңіз. Қажетсіз профильдерді [жойыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md#delete).


  {% endcut %}

  {% cut "Яндекс Браузердің бета-нұсқасынан" %}


  1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Қосымша** → **Браузерді жабу** батырмасын немесе **Ctrl** + **Shift** + **Q** пернелерін басу арқылы Браузердің бета-нұсқасын жабыңыз.
  1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md#browser-install).
  1. **![](../_image/settings-icon.svg)** → **Қосымша** → **Браузерді жабу** батырмасын немесе **Ctrl** + **Shift** + **Q** пернелерін басу арқылы Браузердің негізгі нұсқасын жабыңыз.
  
  1. Файл менеджерін түбірлік қалтаға қолжетімділікпен ашыңыз (мысалы, Midnight Commander).

  1. `~/.config` қалтасына өтіңіз.      
  1. Деректерді жоғалтып алмау үшін `yandex-browser-beta` қалтасын өзіңізге ыңғайлы орынға көшіріңіз.
  1. `~/.config/yandex-browser-beta` қалтасы атауын `~/.config/yandex-browser` атауына өзгертіңіз.

  1. Браузерді іске қосыңыз. Егер бірнешеуін тасымалдаған болса, қажетті профильді таңдаңыз. Осыдан кейін Браузердің бета-нұсқасы таза профильмен, ал негізгі нұсқасы — алдыңғы профильмен іске қосылады.

  1. Деректер мен баптаулардың Браузер қосылғанын тексеріңіз. Қажетсіз профильдерді [жойыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md#delete).


  {% endcut %}



- macOS


  Браузер профильдері `YandexBrowser` қалтасында сақталады. Олардың бәрін көшіріп, содан соң қажет емесін баптаулардан жойып тастаған жөн:

  1. Браузерді жабыңыз: **Yandex**&nbsp;→ **Шығу** батырмасын немесе **⌘&nbsp;+&nbsp;Q** пернелерін басыңыз.


  1. Finder-ды ашыңыз және жеке профилі бар `~/Library/Application Support/Yandex/YandexBrowser` қалтасына өтіңіз. Қалтаны сыртқы жинақтауыш, мысалы флешкаға көшіріңіз.

  1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md#browser-install).

  1. Finder-да `~/Library/Application Support/Yandex` қалтасын ашыңыз және оған флешкадағы `YandexBrowser` қалтасына көшіріңіз.

  1. Браузерді іске қосыңыз. Егер бірнешеуін тасымалдаған болса, қажетті профильді таңдаңыз.

  1. Деректер мен баптаулардың Браузерге қосылғанын тексеріңіз. Қажетсіз профильдерді [жойыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/personalization/profile.md#delete).


{% endlist %}


## Файл арқылы (бетбелгілер мен құпиясөздер) {#file}

Егер сіз тек құпиясөздерді немесе бетбелгілерді сақтауыңыз керек болса, файл арқылы тасымалдауды пайдаланыңыз.

[Құпиясөздер](#password)

[Бетбелгілер](#tab)

#### Құпиясөздер {#password}

1. Құпиясөздерді экспорттаңыз:

    {% cut "Құпиясөз қойылған мұрағатқа" %}

    {% note info %}

    Архив ZIP форматында жүктеледі.

    {% endnote %}

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Құпиясөздер мен деректер** батырмаларын басыңыз.


    1. **Құпиясөздерді** ашыңыз.

    1. Егер сіз [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) құрған болсаңыз, оны қоймаға қосылу үшін енгізіңіз.


    1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Құпиясөздерді экспорттау** батырмасын басыңыз.

    1. **Құпиясөзбен қорғалған архивке** опциясын таңдаңыз.

    1. Ұзындығы 6 таңбадан кем емес құпиясөзді енгізіңіз.

    1. Растау үшін құпиясөзді қайта енгізіңіз және **Экспорттау** батырмасын басыңыз.
    
        <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/master-password-OS.md -->
        {% note info %}

        Егер сізде [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) болмаса, бірақ Windows немесе macOS үшін құпиясөз болса, Браузер оны енгізуді сұрайды. Бұл қауіпсіз — Браузер жүйелік құпиясөзді біле алмайды, себебі сіз оны жүйелік терезеде енгізесіз. Linux-те жүйелік құпиясөз жоқ.

        {% endnote %}
        <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/master-password-OS.md -->
    
    1. Мұрағатты атаңыз және оны сіз үшін ыңғайлы жерде сақтаңыз.

    {% endcut %}

    {% cut "CSV файлына" %}

    {% note info %}

    Құпиясөздер файлда шифрланбаған түрде сақталады, әйтпесе оларды Браузерге [импорттауға](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-import.md#programs) болмайды.

    {% endnote %}

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Құпиясөздер мен деректер** батырмаларын басыңыз.


    1. **Құпиясөздерді** ашыңыз.

    1. Егер сіз [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) құрған болсаңыз, оны қоймаға қосылу үшін енгізіңіз.


    1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Құпиясөздерді экспорттау** батырмасын басыңыз.

    1. **Мәтіндік файлға** опциясын таңдаңыз және **Экспорттау** батырмасын басыңыз.
    
        <!-- source: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/master-password-OS.md -->
        {% note info %}

        Егер сізде [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) болмаса, бірақ Windows немесе macOS үшін құпиясөз болса, Браузер оны енгізуді сұрайды. Бұл қауіпсіз — Браузер жүйелік құпиясөзді біле алмайды, себебі сіз оны жүйелік терезеде енгізесіз. Linux-те жүйелік құпиясөз жоқ.

        {% endnote %}
        <!-- endsource: kk/_includes/reusables/phrases/id-phrases/master-password-OS.md -->
    
    1. Файлды атаңыз және оны сіз үшін ыңғайлы жерде сақтаңыз.

    {% endcut %}

1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md).

1. Құпиясөздерді Браузерге импорттаңыз:

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Құпиясөздер мен деректер** батырмаларын басыңыз.


    1. **Құпиясөздерді** ашыңыз.

    1. Егер сіз [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) құрған болсаңыз, оны қоймаға қосылу үшін енгізіңіз.


    1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Құпиясөздерді импорттау** батырмасын басыңыз.

    1. **Импорт дереккөзін таңдаңыз** терезесінде құпиясөздерді импорттағыңыз келетін бағдарламаны көрсетіңіз.

        - **Yandex Browser (*.zip)** — сіз экспорттау кезінде орнатқан құпиясөзді енгізу қажет болады.

        - **Yandex Browser (*.csv)**

    1. Құпиясөз файлын көрсетіңіз және **Ашуды** басыңыз.

    Импорт басталады. Импорт аяқталғаннан кейін Браузер қосылған құпиясөздер санын хабарлайды.

    Импорттан кейін Браузермен жасалған кілтпен [шифрланады](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#passwords-crypt). Жақсы қорғаныс үшін [мастер-құпиясөз](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#master-password) және [шифрлаудың қосымша кілтін](https://browser.yandex.com/help/kk/security/passwords-management.md#restore-key) жасаңыз.


#### Бетбелгілер {#tab}

1. Бетбелгілерді файлға экспорттаңыз:

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Бетбелгілер**&nbsp;→ **Бетбелгілер менеджері** батырмасын басыңыз.


    1. Беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Бетбелгілерді HTML файлына экспорттау** батырмасын басыңыз.

    1. Бетбелгілермен файлды сақтау үшін орынды таңдаңыз.

    1. Файл атауын көрсетіңіз және **Сақтау** батырмасын басыңыз.

1. Браузерді жаңа құрылғы немесе қайта орнатылған ОЖ-ға [Орнатыңыз](https://browser.yandex.com/help/kk/about/install.md).

1. Бетбелгілерді Браузерге импорттаңыз:

    1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Бетбелгілер**&nbsp;→ **Бетбелгілер менеджері** батырмасын басыңыз.


    1. Беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы **![](../_image/menu-tibar.svg)** → **Бетбелгілерді HTML файлына импорттау** опциясын басыңыз.

    1. Бетбелгі бар файлды көрсетіңіз және **Ашу** батырмасын басыңыз.

    Жүктелген бетбелгілер **HTML-файлдағы бетбелгілер** қалтасында орналастырылады.




<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->

